(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 2004.01.12. № 424 БҰЙРЫҒЫ

“Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың
ережесін бекіту туралы“
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы № 424 бұйрығы

(2007.28.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2008 жылғы 28 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Қаржы министрлігінің 2007.04.04. № 108 Бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 61-бабының 14) тармақшасына және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесі бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (В.А.Сәтқалиева) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында кейінгі жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

 

Министр

А. Дунаев

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2004 жылғы 1 желтоқсандағы

№ 424 бұйрығымен

бекітілген

Мемлекеттік мекемелердің есептілігін

жасау мен ұсынудың ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Қаржы министрлігінің 2007.04.04. № 108 Бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Осы Ережемен пайдаланушыларға көрсету мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің жылдық, тоқсандық есептілігінің көлемі, нысандары, кезеңділігі, мерзімі және жасалу мен ұсынылу тәртібі белгіленеді.

2. Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер осы Ережеде белгіленген көлемде және нысандар бойынша жылдық, тоқсандық есептер жасайды.

3. Есептілікті жасау кезінде мынадай талаптар сақталуы тиіс:

есепті кезеңдегі барлық операциялар көрсеткіштерінің толықтығы және растығы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.