1) жеке тұлғаның-жалға алушының тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде);
2) жалға алушы - дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның толық атауын;
3) жеке тұлғаның-жалға алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен күнiн;
4) жалға алушының сәйкестендiру нөмiрiн;
5) жалға беру (пайдалану) шартының нөмiрi (болған кезде) мен жасасқан күнiн;
6) жалға берудің (пайдаланудың) басталу және аяқталу күні көрсетіле отырып, оның нақты кезеңін;
7) жалға беру (пайдалану) шартына сәйкес төленуге жататын және нақты төленген соманы көрсете отырып, жалға беру төлемінің сомасын және (немесе) өтелетін шығыстар сомасын;
8) сауда объектісінің, сауда объектісіндегі, оның ішінде сауда базарындағы сауда орнының мақсатын;
9) сауда объектісінің, сауда объектiсiндегі, оның iшiнде сауда базарындағы сауда орнының орналасқан жерін;
10) өзге де мәліметтерді көрсетуге арналған.
Бұл ретте жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімінде сауда объектісінің, оның ішінде сауда базарының:
1) стационарлық немесе стационарлық еместігі;
2) жалпы алаңы;
3) сауда алаңы;
4) сауда желісіне кіретіндігі (кірмейтіндігі) туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
2. Жалға беру (пайдалану) шарттарының тiзiлiмi салық органына сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретiн салық төлеушi - дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның орналасқан орны бойынша есептi кезеңнен кейiнгi 31 наурыздан кешiктiрiлмейтін мерзімде табыс етiледi.
68-бап. Салық есептілігін табыс ету тәртібі
1. Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде салық органдарына табыс етеді.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Егер салық төлеуші уәкілетті орган олар үшін салық есептілігінің әртүрлі нысандарын белгілеген салық төлеушілер санаттарына жататын болса, онда мұндай салық төлеуші салық есептілігін өзі жатқызылған салық төлеушілердің әрбір санаты үшін көзделген нысандар бойынша табыс етуге тиіс.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Салық төлеушілер (салық агенттері), егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық есептілігін тиісті салық органдарына таңдауы бойынша:
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) өзі келу тәртібімен - қағаз жеткізгіште табыс етуге құқылы.
Салық төлеушілер (салық агенттері), қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін және мониторинг бойынша есептілікті қоспағанда, салық есептілігін қағаз жеткізгіште «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынуға құқылы;
2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы - қағаз жеткізгіште;
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3) салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы - ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда табыс етуге құқылы.
Осы тармақтың 2) тармақшасының ережелері:
мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс ететін мониторинг бойынша;
қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағына сәйкес салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алынғаннан кейін олар табыс ететін қосылған құн салығы бойынша есептілікке қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасының ережелері осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағына сәйкес салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылғаннан кейін қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын, сондай-ақ осы Кодекстің 579-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген тәртіппен әрекетсіз деп танылған салық төлеушілер табыс ететін қосылған құн салығы бойынша есептілікке қолданылмайды.
4. Салық есептілігі өзі келу тәртібімен қағаз жеткізгіште табыс етілген жағдайда екі дана етіп табыс етіледі. Салық есептілігінің салық органының белгісі қойылған бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Салық есептілігінің электрондық пішімінің құрылымы, салық есептілігін электрондық нысанда жасауға және табыс етуге арналған бағдарламалық қамтылым, салық есептілігін жасау жөніндегі пішімді-логикалық бақылаудың талаптары және осы бағдарламалық қамтылымды жаңарту салық есептілігін табыс ету мерзімі басталғанға дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей тұрақты негізде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді; 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін салық төлеуші (салық агенті) салық органына, қосымша және (немесе) хабарлама бойынша қосымша есептілікті қоспағанда, келесі салық есептілігін табыс етуге құқылы емес.
Аяқталмаған салық кезеңі үшін табыс етілген таратудың салық есептілігі:
1) салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру аяқталғаннан кейін тарату туралы, бөлiну жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешімді өзгерткен;
2) салық төлеуші дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарғанға дейін кәсіпкерлік қызметті тоқтату туралы шешімді өзгерткен;
3) осы Кодекстің 43-1-бабының 4-тармағында көзделген, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы шешім шығарылған жағдайларда, салық кезеңі үшін кезекті салық есептілігіне теңестіріледі.
Салық төлеуші таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап келесі салық кезеңдері үшін салық есептілігін осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тиісті салық органдарына табыс етуге міндетті.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Салық салу объектілері болмаған кезде, осы Кодекстің 149-бабында, 162-бабының 1-тармағында, 185, 270, 296, 364,437-баптарында көзделген салық есептілігін қоспағанда, салық есептілігі табыс етілмейді.
Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін табыс ету жөніндегі міндеттеме қосылған құн салығын төлеушілер ретінде тіркелген тұлғаларға қолданылады.
Акциз бойынша салық есептілігiн табыс ету жөніндегі мiндеттеме осы Кодекстiң 574-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларына (темекі өнімдерін, қыздырылатын темекісі бар өнімдерді, электрондық сигареттерді пайдалануға арналған құрамында никотин бар сұйықтықты көтерме саудада өткізуді қоспағанда), 9) тармақшасына сәйкес салық органдарында тiркеу есебiнде тұрған салық төлеушiлерге қолданылады.
8. Декларацияларға, есеп-қисаптарға қосымшалар оларда көрсетілуге жататын деректер болмаған кезде табыс етілмейді.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 69-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
69-бап. Салық есептілігiн керi қайтарып алу тәртібі
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агентi) осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген салық есептілігiн керi қайтарып алу туралы салықтық өтiнiштi салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) тiркелу есебiнiң орны бойынша салық органына табыс етедi.
Осы баптың 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес салық есептiлiгiн кері қайтарып алған жағдайда, салық төлеушi (салық агентi) осындай есептілікті табыс ету орны бойынша салық органына салық есептiлiгiн кері қайтарып алу туралы салықтық өтiнiштi табыс етедi.
Салық есептілігi салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) көрсетiлген салықтық өтiнiшi негiзiнде, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайда, көрсетілген салық кезеңі үшін табыс етілген салық есептілігiнің барлық қосымша нысандарын ескере отырып, салық органының салық есептілігiн қабылдау және өңдеу жүйесiнен керi қайтарып алуына жатады.
Осы баптың 2-тармағы 2) тармақшасының негiзiнде табыс етiлетiн салық есептілігiн керi қайтарып алу туралы салықтық өтiнiшпен бір мезгiлде салық төлеушi (салық агентi) осы Кодекстiң 68-бабының 2-тармағына сәйкес салық есептілігiн табыс етуге мiндеттi.
Салықтық өтiнiште көрсетiлген салық кезеңi үшiн табыс етiлген салық есептілігiн керi қайтарып алу мынадай әдiстердiң бірiмен:
1) салық есептілігiн қабылдау және өңдеу жүйесiнiң орталық торабынан керi қайтарылатын салық есептілігi жойылатын жою әдiсiмен;
2) бұрын табыс етiлген салық есептілігiне салық төлеушi (салық агентi) мәлiмдеген өзгерістер және (немесе) түзетулер енгiзiлетiн өзгерту әдiсiмен жүргiзiледi.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жою әдісімен мынадай:
1) салық төлеуші осы Кодекстің 37, 38, 40, 41 және 42-баптарына сәйкес салықтық тексеруді жүргізу басталғанға дейін қызметін қайта жалғастыру туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігін;
2) осы Кодекстiң 68-бабы 2-тармағының және 70-бабы 5-тармағының талаптарын бұза отырып, салық төлеушi табыс еткен;
3) осы Кодекске сәйкес осындай салық есептілігін табыс ету жөніндегі міндеттемесі жоқ салық төлеуші табыс еткен;
4) осы Кодекстің 584-бабының 5-тармағына сәйкес табыс етілмеген деп есептелетін;
5) қуынымның ескіру мерзімі аяқталғаннан кейін салық төлеушi табыс еткен салық есептілігiн кері қайтарып алу жүргізіледі.
Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық есептілігін жою әдісімен кері қайтарып алу кезінде тіркеу есебінің орны бойынша салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоттарында кері қайтарып алынатын салық есептілігі бойынша салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың есептелген (азайтылған) сомаларына түзету жасауды жүзеге асырады.
Осы Кодекстің 584-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес табыс етілмеген деп саналатын салық есептiлiгiн кері қайтарып алған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сомаларға түзету жасауды осындай салық есептілігін табыс ету орны бойынша салық органы жүзеге асырады.
Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны орындамаған кезде салық органы салық есептілігін кері қайтарып алуды салықтық өтінішсіз жою әдісімен жүргізеді. Кері қайтарып алу уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органының салық есептілігін кері қайтарып алуға арналған шешімінің негізінде жүргізіледі.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Өзгерту әдiсiмен мынадай:
1) валютаның коды көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмiрi және (немесе) күнi көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген;
3) резидент мәртебесi көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген салық есептілігiн;
3-1) салық органының коды дұрыс көрсетілмеген;
3-2) салық кезеңі дұрыс көрсетілмеген;
3-3) салық есептілігінің түрі дұрыс көрсетілмеген;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) салық төлеуші осы Кодекстің 37, 37-1, 38, 40 - 43-баптарына сәйкес салықтық тексеру жүргізілгеннен немесе камералдық бақылау аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігін кері қайтарып алу жүргізіледі.
Салық есептілігiн өзгерту әдiсiмен кері қайтарып алу кезiнде тiркеу есебiнiң орны бойынша салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шоттарында мәлімделген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, оларды кейіннен салық есептілігi бойынша жеке шотта көрсетіп, кері қайтарылатын салық есептілігiнде көрсетілген сомаларға түзету жасауды жүзеге асырады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Егер салық төлеушi (салық агентi) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) - 5) тармақшаларында көрсетiлген салық есептілігiн керi қайтарып алу туралы салықтық өтiнiштi табыс етпесе, салық органы салық төлеушiге (салық агентiне) осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген хабарламаны белгiленген мерзiмде жiбередi.
5. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мынадай:
2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) тексеру жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша кешенді және тақырыптық тексерулерді жүргізу кезеңінде - тексерілетін салық кезеңінің;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде - шағым жасалатын салық кезеңiнiң табыс етілген салық есептілігiн керi қайтарып алуына жол берiлмейдi.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Салық органдары мынадай мерзімдерде:
1) салық төлеушінің (салық агентінің) осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтініші негізінде салық есептілігін кері қайтарып алған жағдайда - осындай өтініш табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
2) салық органының осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешімі негізінде салық есептілігін кері қайтарып алған жағдайда - хабарламаны орындау үшін көзделген, осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде салық есептілігін кері қайтарып алуды жүргізуге және салық төлеушіге (салық агентіне) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есептілігін кері қайтарып алу туралы хабарлама жіберуге міндетті.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Осы бап осы Кодекстің 276-22-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
70-бап. Салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді осы өзгерістер мен толықтырулар жататын салық кезеңі үшін қосымша салық есептілігін жасау жолымен жүргізеді.
Табыс етілу мерзімі міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімдері туралы заңнамасына сәйкес салық міндеттемелерін орындау кезінде қолданылатын сәйкестендіру нөмірлерін енгізудің алдындағы күнге сәйкес келетін салық кезеңіндегі салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде салық төлеушінің тіркелу нөмірі міндетті түрде көрсетіледі.
2. Қосымша салық есептілігінде:
1) бұрын табыс етілген салық есептілігінің сомасы өзгертілген кезде салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігі мен іс жүзіндегі салық міндеттемесінде көрсетілген сома арасындағы айырма;
2) бұрын табыс етілген салық есептілігіндегі қалған деректер өзгертілген кезде жаңа мән тиісті жолдар бойынша көрсетіледі.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қосымша және (немесе) хабарлама бойынша қосымша салық есептілігін табыс еткен кезде салық төлеуші (салық агенті) немесе осы Кодекстің 586 және 587-баптарына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы анықтаған салықтың, басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың сомалары салық төлеушiнi (салық агентiн) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартпай бюджетке енгізілуге жатады.
4. Салық органы салық төлеушінің тарату, бөлу жолымен қайта ұйымдастыру немесе қызметін тоқтату туралы салықтық өтініші бойынша жүргізетін салықтық тексеру басталғанға дейін салық төлеуші (салық агенті) таратудың қосымша салық есептілігін табыс етуге құқылы.
5. Салық төлеушінің (салық агентінің):
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) тексеру жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша кешенді және тақырыптық тексерулерді жүргізу кезеңінде (ұзартуды және тоқтата тұруды ескере отырып) - тексерілетін салық кезеңінің;
2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында көрсетілген, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да аударымдар және (немесе) жарналар бойынша шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңінде - шағым жасалатын салық кезеңінің;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қосылған құн салығын қайтару туралы талап ету бөлігінде;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4), 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4) аванстық төлемдерді төлеу мерзімі басталған салық кезеңіндегі айлар үшін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша;
5) ағымдағы салық кезеңінде 20 қаңтардан кейін - алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация тапсырылғанға дейінгі кезеңге төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша;
6) ағымдағы салық кезеңінде 20 желтоқсаннан кейін - алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация тапсырылғаннан кейінгі кезеңге төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша;
7) бейрезидент заңды тұлғаның басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын шегерімдерге жатқызу әдісін өзгерту бөлігінде тиісті салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 71-бап өзгертілді; 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 71-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 71-бап өзгертілді
71-бап. Мониторинг бойынша салық есептілігін табыс ету мерзімдерін ұзарту
Мониторингке жататын ірі салық төлеуші осы Кодекстің 624-бабында көрсетілген мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін күнтізбелік алпыс күнге дейін ұзартуға құқылы.
Мониторинг бойынша есептілікті ұсыну мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған жағдайда, мониторингтеуге жататын ірі салық төлеуші мониторинг бойынша есептілікті ұсыну мерзімі өткенге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеу орны бойынша салық органын хабардар етуге міндетті. Хабарлама уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 72-бап өзгертілді; 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 72-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
72-бап. Мониторинг бойынша салық есептілігін қоспағанда, салық есептілігін табыс ету мерзімдерін ұзарту
1. Салық төлеуші (салық агенті) мониторинг бойынша есептілікті және тауарлардың Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорты кезіндегі жанама салықтар бойынша салық есептілігін қоспағанда, салық есептілігін электрондық нысанда табыс еткен кезде оны табыс ету мерзімін ұзартуға құқылы.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Салық төлеуші (салық агенті) осы бапқа сәйкес салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарту үшін уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарту туралы хабарламаны тіркеу есебінің орны бойынша салық органына, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жібереді.
Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін табыс ету үшін осы Кодексте белгіленген мерзім өткенге дейін салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы хабарламаны қағаз жеткізгіште немесе салық есептілігін қабылдау және өндеу жүйелері арқылы ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда жібереді.
Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту салық органына салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзартуға хабарлама жіберілген күнтізбелік жыл ішінде салық төлеуші (салық агенті) табыс ететін салық есептілігіне қолданылады.