«Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 Қаулысы (күші жойылды)

Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1514 Қаулысымен күші жойылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 623-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесі бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Республикалық мониторингке жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 тамыздағы № 655 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж. № 27, 312-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 41 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 тамыздағы № 776 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 8-тармағы.

3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1344 қаулысымен

бекітілген

 

Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесі