«Республикалық мониторингке жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 тамыздағы № 655 қаулысы (2008.27.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Республикалық мониторингке жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 тамыздағы № 655 қаулысы

(2008.27.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 Қаулысымен күші жойылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 545-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған республикалық мониторингке жататын салық төлеушілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

2. Тізбеге енгізілген салық төлеуші қайта ұйымдастырылған жағдайда оның құқық мұрагері(лері) заңнамада белгіленген тәртіппен тізбеге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілгенге дейін республикалық мониторингке жатады деп белгіленсін.

3. «Республикалық мониторингке жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 тамыздағы № 850 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

 2007 жылғы 3 тамыздағы

№ 655 қаулысымен

бекітілген

 

ҚР Үкіметінің 2008.27.08. № 776 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

Республикалық мониторингке жататын салық төлеушілердің

 тізбесі