Республикалық мониторингке жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 22 тамыздағы № 850 қаулысы (күші жойылды)

Республикалық мониторингке жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 22 тамыздағы № 850 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 3 тамыздағы № 655 қаулысымен күші жойылды

 

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Республикалық мониторингке жататын салық төлеушілердің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

2. Тізбеге енгізілген салық төлеуші қайта ұйымдастырылған жағдайда, оның құқық мұрагері(лері) заңнамада белгіленген тәртіппен Тізбеге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізгенге дейін республикалық мониторингке жатады.

3. "Республикалық мониторингке жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 сәуірдегі № 448 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 22 тамыздағы

№ 850 қаулысымен

бекітілген

Республикалық мониторингке жататын

салық төлеушілердің тізбесі