Республикалық мониторингке жататын салық төлеушілердің тiзбесiн бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 17 сәуірдегі № 448
қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 22 тамыздағы № 850 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы кодексiн (Салық кодексi) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Республикалық мониторингке жататын салық төлеушiлердiң тiзбесi бекітілсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Iрi салық төлеушiлердiң мемлекеттік мониторингiн енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2000 жылғы 4 қарашадағы № 1672 қаулысы;
3) "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 8 қазандағы № 1296 қаулысы.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрi З.Х.Кәкiмжановқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының