«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 12 қарашадағы № 688 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Алтын сапа» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 418-құжат; 2007 ж., № 24, 267-құжат; № 42, 476-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты атағын және «Алтын сапа» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты атағын және «Алтын сапа» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

1-тармақтың екінші абзацындағы «дербес құрамын» деген сөздер «құрамын» деген сөзбен ауыстырылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Астана, Ақорда, 2008 жылғы қарашаның 12-і.

 

                    № 688

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2008 жылғы 12 қарашадағы

№ 688 Жарлығына

 

ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2006 жылғы 9 қазандағы

№ 194 Жарлығына

ҚОСЫМША

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

«Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының

лауреаты атағын және «Алтын сапа» республикалық

көрме-конкурсының дипломанты атағын беру

жөніндегі комиссияның құрамы

 

Қазақстан Республикасы                    - төраға

Президенті Әкімшілігінің Басшысы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.