«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет органдары
қызметкерлерінің нысандық және арнайы
киім-кешектерінің үлгiлерi мен тиесілілігі нормаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 15 қаңтардағы № 13 қаулысы
(2008.19.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 18 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 қаулысымен тақырып өзгертілді (бұр. ред. қара)
"Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 қаулысымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. 1, 2, 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң нысандық және арнайы киім-кешектерiнiң үлгiлерi мен тиесілілігі нормалары бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының