«Техникалық паспорттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 235 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2008 жылғы 28 қазандағы № 288 Бұйрығы (күші жойылды)

«Техникалық паспорттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 235 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2008 жылғы 28 қазандағы № 288 Бұйрығы

 

ҚР Әділет министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 440 бұйрығымен күші жойылды

 

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Техникалық паспорттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 4937 болып тіркелген, 2007 жылғы 24 қазандағы № 163 (1366) «Юридическая газетінде» жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген техникалық паспорттардың нысандары осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 қосымшаларға сәйкес Н-15, Н-16, Н-17, Н-18 техникалық паспорттарының нысандарымен толықтырылсын.

2. Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық оның бірінші ресми түрде жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2008 жылғы 28 қарашадағы

№ 288 бұйрығына

1-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің м.а.

2007 жылғы 24 тамыздағы № 235

бұйрығымен бекітілген

 

Н-15 нысаны

 

__________________________________________________________________

                  (мемлекеттік кәсіпорынның атауы)

 

ТЕХНИКАЛЫҚ ПАСПОРТ (Н-15)

 

________________________________________________________________________________________________

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.