Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1993 жылғы 12 қаңтардағы № 31 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы № 140 Қаулысы
(2006.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 24 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.27.12. № 1301 Қаулысымен күші жойылды , орыс тіліндегі қаулының мәтіні бойынша 6 тармақтың күші жойылады
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2003 жылғы 23 желтоқсандағы № 1255 және 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. «Қуғын-сүргiн кезеңiнде бұрынғы Кеңес Одағының түрлi аймақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына күштеп көшірілген Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен азаматтық хал актiлеріндегі ұлты туралы жазбаны өзгерту тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қаңтардағы № 31 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 2, 23-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының