(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1999 Ж. 22 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 1438 ҚАУЛЫСЫ

Мемлекеттік білім мекемелерінің ақылы білім беру қызметін көрсетуінің
тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22
қыркүйектегі № 1438 қаулысы

(2006.14.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2008 жылғы 31 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім мекемелерінің ақылы білім беру қызметін көрсетуінің тәртібі бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

1999 жылғы 22 қыркүйектегi

№ 1433 қаулысымен

бекітілген

Мемлекеттік білім мекемелерiнің ақылы білім беру

қызметiн көрсетуiнің тәртібі

1. Осы Тәртiп "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.

ҚР Үкіметінің 22.09.00 ж. № 1438; 15.08.02 ж. № 905 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді

2. Ақылы білім беру қызметiн көрсетулерге:

1) қосымша білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсетулер;

2) пәндердiң арнаулы курстары мен циклдарын қосымша оқыту жөніндегі қызмет көрсетулер;

3) репиторлық (жекелеген оқушылармен жеке түрде оқу жоспары бойынша сағаттардың санынан тыс пәндер бойынша қосымша сабақтар өткізу) жөніндегі қызмет көрсетулер;

4) оқушыларға пәндердi қосымша тереңдетіп оқыту (мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының тиiстi білім беру бағдарламаларының шеңберiнен тыс) жөніндегі қызмет көрсетулер;

5) балалардың денсаулығын қорғауға және нығайтуға бағытталған қосымша дене тәрбиесi-сауықтыру бағдарламалары бойынша қызмет көрсетулер;

6) жазғы демалысты ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсетулер;

7) үйiрмелiк қызметтi ұйымдастыру (базистiк оқу жоспарының шеңберiнен тыс) бойынша қызмет көрсетулер;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.