Фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерде этил спиртін пайдалану
және акциз төлемінсіз өткізу көлемін квоталау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 601 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 439 бұйрығымен күші жойылды
2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 281-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерде этил спиртін пайдалану және акциз төлемінсіз өткізу көлемін квоталау ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қаматамасыз етсін.
3. «Фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерде этил спиртін пайдалану және акциз төлемінсіз өткізу көлемін квоталау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 564 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4015 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2006 жылғы 1 ақпандағы № 16 (996) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.