«Фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерде этил
спиртін пайдалану және акциз төлемінсіз өткізу көлемін квоталау Ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының
2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 564 Бұйрығы
ҚР Қаржы Министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 601 Бұйрығымен күші жойылды
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 259-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерде этил спиртін пайдалану және акциз төлемінсіз өткізу көлемін квоталау Ережесі бекітілсін.
2. "Фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерде этил спиртін пайдалану және акциз төлемінсіз өткізу көлемін квоталау Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алкоголь өнімдерінің өндірілуі мен айналымын бақылау жөніндегі комитет Төрағасының 1999 жылғы 19 шілдедегі № 190-1 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1999 жылғы 23 тамыздағы № 873 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға
"КЕЛІСІЛДІ"»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация комитетінің Төрағасы
2005 жыл 26 желтоқсан
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2005 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 564 бұйрығымен бекітілген
Фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік
медициналық мекемелерде этил спиртін пайдалану және
акциз төлемінсіз өткізу көлемін квоталау
Ережесі
1. Жалпы ережелер