Фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерде
этил спиртін пайдалану көлемін квоталау Ережесін бекіту
туралы Бұйрық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс
министрлігі Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік
бақылау жөніндегі комитет 1999 жылғы 19 шілде № 190-1
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.14.12. № 564 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы № 38 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетiн құру туралы және 1998 жылғы 26 шiлдедегi "Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн акцизделетiн тауарларға арналған акциз ставкалары туралы № 608 қаулысына сәйкес, фармацевтiк кәсiпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерде этил спиртiн пайдаланылуын қатаң бақылауға алу мақсатында бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған фармацевтiк кәсiпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерде этил спиртiн пайдалану көлемiн квоталау Ережесi бекітілсiн.
2. Нормативтiк реттеу бөлiмi (Лепесбаев А.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркеуден өтiлуiн қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау - бақылау және лицензиялау басқармасының бастығы Р.Алдашевқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
Төраға
"Бекітілген"
Қазақстан Республикасы мемлекеттік
кіріс министрлігінің Алкоголь
өнімін өндіру және оның айналымын
мемлекеттік бақылау жөніндегі
Комитет Төрағасының
19.07.1999 жылғы 190-1 бұйрығы
Фармацевтiк кәсiпорындар мен мемлекеттік
медициналық мекемелерде этил спиртiн пайдалану көлемiн квоталау
Ережесі
1. Жалпы ережелер