Өрт қауiпсiздігінiң талаптарын белгiлейтiн стандарттардың, нормалар мен
ережелердiң жобаларын, сондай-ақ осындай нормалары мен ережелерi жоқ
объектілердiң құрылысын салуға арналған жобалық шешiмдердi келiсу ережесін
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 48 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 18 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Өрт қауiпсiздiгі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Өрт қауiпсiздiгінiң талаптарын белгiлейтiн стандарттардың, нормалар мен ережелердiң жобаларын, сондай-ақ осындай нормалары мен ережелерi жоқ объектiлердiң құрылысын салуға арналған жобалық шешiмдердi келiсу ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Д. Ахметов |
?кіметінiң
2005 жылғы 24 қаңтардағы
№ 48 қаулысымен
бекітілген
Өрт қауiпсiздiгінің талаптарын белгілейтін
стандарттардың, нормалар мен ережелердiң жобаларын,
сондай-ақ осындай нормалары мен ережелерi
жоқ объектілердiң құрылысын салуға
арналған жобалық шешiмдердi келiсу
ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын белгiлейтiн стандарттардың нормалар мен ережелердiң, сондай-ақ осындай нормалары мен ережелерi жоқ объектiлердiң құрылысын салуға арналған жобалық шешiмдердiң жобаларын (бұдан әрi - құжаттардың жобалары) келiсудiң негiзгi ережелерiн белгілейдi.
2. Жобалау кезiнде өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын белгілейтiн нормалары мен ережелерi жоқ объектілер құрылысын салуға жобалық құжаттаманы әзiрлеушілер қажет болған кезде тиiстi ғылыми-зерттеу және мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып, олардың өрттен қорғау ерекшелiгiн бейнелейтiн жобалық шешiмдердi әзiрлеуi тиiс.
3. Жобалық шешiмдер өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын белгілейтiн нормалары мен ережелерi жоқ құрылыс объектiлерiн салуға арналған жобалық құжаттаманы әзiрлеу үшiн негізгі бастапқы құжат болып табылады.