Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 23 Қаулысы
(2015.28.08. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың коммуналдық меншігінен берілетін ұйымдар (бұдан әрі - ұйымдар) заңнамада белгіленген тәртіппен мүліктік кешендер ретінде республикалық меншікке қабылдансын және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағына берілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес ұйымдар қайта аталсын.
3. Мыналар:
1) осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген ұйымдар оларды «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» мемлекеттік республикалық қазыналық кәсіпорнына біріктіру жолымен;
2) осы қаулыға 4-қосымшада көрсетілген ұйымдар оларды «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» мемлекеттік республикалық қазыналық кәсіпорнына біріктіру жолымен қайта құрылсын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдіктерімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 20 қаңтардағы
№ 23 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
толықтырулар мен өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 534-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 683 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктердің және өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарының және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
13-бөлімде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген жолда 3-бағандағы «8281» деген сандар «13 848» деген сандармен ауыстырылсын;
мына:
«Көліктегі бас санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы 121» деген жолдың 2 бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың Солтүстік-Орталық өңірлік орталығы».
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 20 қаңтардағы
№ 23 қаулысына
1-қосымша
Республикалық меншікке мүліктік меншік ретінде берілетін
коммуналдық меншіктегі мемлекеттік ұйымдардың тізбесі
Коммуналдық мемлекеттік мекемелер
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар