Аталған жобаларды іске асыру нәтижесі жаңа жұмыс орындарын құру, жаңа қызметтер мен өндірісті дамыту болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі 3 %-дан сәл астам, бұл ЕО елдерінен анағұрлым төмен. Бұдан басқа, проблемалық мәселе, ғылымды қаржыландыру болып табылады. Осылайша, қолдағы деректер бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге мемлекеттің жыл сайынғы шығыстары орташа алғанда мынаны құрайды (ЖІӨ-ден): АҚШ-та және Жапонияда - 3 %-ды, Германия мен Францияда - 2-2,5 %-ды, Швецияда - 4,0 %-ды. Еуроодақ өзінің барлық мүшелеріне ғылымға деген салымдар деңгейін ЖІӨ-ден 2,5 %-ға дейін жеткізуді ұсынатынын ескеру қажет.
Салыстыру үшін - Қазақстанда ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге арналған жалпы шығындар 2007 жылы ЖІӨ-ден 0,26 %-ды құрады.
Инновациялық саладағы проблемалар
Қазақстанда өнертапқыштық коэффициенті төмен (Қазақстан Республикасында көрсеткіш Ресейге қарағанда 1,6 есе, АҚШ пен Германияға қарағанда 5-6 есе және Жапониямен салыстырғанда 30 есе төмен)2.
ғылыми-технологиялық тізбек аяқталуға жақындағанына қарай өнертапқыштық белсенділігі төмен (Талданатын кезең ішінде Қазақстанда өнеркәсіптік меншікке арналған қорғау құжаттарының 5 249 қолданыста болды, оның ішінде: өнертапқыштыққа - 4 744 (90,4 %), пайдалы модельдерге - 109 (2,1 %), өнеркэсіптік үлгілерге - 396 (7,7 %)3.
кәсіпорынның технологиялық деңгейі төмен, физикалық тозу және жабдықтың моральдік ескіруі4.
Осыған байланысты мыналармен байланысты жүйелік сипаттағы мәселелерді шешу алға қойылған:
ұлттық инновациялық жүйені ыдырату;
ғылым мен өндіріс арасындағы сақталатын алшақтық;
ғылым және инновацияны қаржыландырудың мемлекеттік тетігін жетілдіру және ғылыми қызмет басымдылықтарын қайта қарау.
2 Өнертапқыштыққа резиденттер берген өтінімдер саны 1 млн. адам. Соңғы жылдардағы талдау бойынша аталған коэффициент Қазақстанда 100,5-ті құрады (салыстыру үшін Ресейде - 165, АҚШ-та - 599,6, Германияда -3141,8);
3 Германияда (патенттік белсендік бойынша АҚШ-пен Жапониядан кейін 3-орында) құрылым мынадай көрініс тапты: өнертапқыштыққа сақтау құжаттары-21 %, пайдалы модельдерге-21 %, өнеркәсіптік үлгілер-58 %.
4 Мұнай өңдеу және металл өндірумен байланысты емес салаларда жабдықтардың тозу деңгейі соңғы 3 жыл ішінде 45 %-дан 62 %-ға дейін құрады. Өндіруші өнеркәсіп кәсіпорындарда толық тозған машиналар, жабдықтар мен көлік құралдарының үлес салмағы 12 %-ға дейін жетті.
Ішкі сауда халықтың өмір тіршілігін қамтамасыз етудің бір саласы ретінде республикадағы нарықтық қайта құру кезеңінде түбегейлі өзгерістерге ұшырады.
Экономиканың басқа бір де бір саласында, саудадағыдай жоғары кәсіпкерлік белсенділік қалыптасқан жоқ, бұл тұтыну нарығының дамуына әсер етті.
2007 жылы сауда нарықтарындағы айналым көлемін қамтитын бөлшек тауар айналымының көлемі 1,8 трлн. теңгені немесе 15 млрд. АҚШ долларын құрады және 2006 жылмен салыстырғанда 10 %-ға ұлғайды. 2008 жылғы қаңтар - қазан айларында бөлшек тауар айналымы көлемі 2,0 трлн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (тұрақты бағадағы) 3,3 %-ға ұлғайды.
Республикада 2007 жылы ЖІӨ-дегі сауда үлесі 11,8 %-ды, 2008 жылғы қаңтар - қыркүйекте 11,7 %-ды құрағанын атап кету керек, бұл ретте ЖЮ өсімі бөлшек сауда айналымының барабар өсімін қамтамасыз ете алмайды, бұл бөлшек саудадағы жүйелі проблемалардың бар екенін көрсетті.
Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде сауда базарларындағы айналым үлесі 2007 жылы 23 %-ды немесе 420 млрд. теңгені құрады, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 8,8 %-ға төмен. Сауда базарларындағы айналым көлемінің төмендеуі екі негізгі себептен туындады.
Бірінші, екінші деңгейдегі банктердің сауданы қаржыландыру көлемінің төмендеуі (айналым қаражатын толықтыруға пайыздық ставкалардың жоғарлауы салдарынан). Мәселен, 2007 жылдың аяғында екінші деңгейдегі банктердің сауданы қаржыландыру көлемі 1,5 трлн. теңгені немесе кредит берудің жалпы көлемінің 20 %-ын құрады, ал 2005 жылы сауданы қаржыландыру көлемі 25 %-дан астам болатын.
Екінші, азық-түлік тауарларына бағалардың жоғарлауы салдарынан халықтың тұтыну белсенділігінің төмендеуі.
Қазіргі кезде ресми статистика деректеріне сәйкес сауда саласында жұмыс жасайтын халықтың саны 1 млн. астам адамды құрайды, бұл еңбекке қабілетті халықтың 15 %. Көрсетілген сан ішінде: 75 %-ына таяуы зейнеткерлік жастың алдындағы адамдар, әйелдер мен жастар, ал жоғары білімі барлар саны - 48 %.
Сонымен қатар, нақты жағдай көрсетіп отырғандай сауда саласында жұмыс істейтіндер саны жоғарыда көрсетілген саннан 2 есе артық және елдің еңбекке қабілетті халқының 27 %-ын құрайды.
Осыған байланысты сауда саласы мамандарға толы және әлеуметтік жағынан әлсіз екенін түсінуге болады.
Ішкі сауданы дамытудың ілгерінді үрдістері келеңсіз көріністермен қатар өрбіп келеді.
Ішкі саудада, оның ішінде сауда базарларында көлеңкелі айналымның айтарлықтай көлемі жинақталған, олар мыналарды қамтиды: сатушы кәсіпкерлердің де, базарлардың өздерінің де салық төлеу жүйесінің ашық еместігі; контрабандалық және контрафактілік өнімді сатудың жоғары деңгейі; белсенді алып-сатарлық қызмет; сатылатын тауарларға қолдан жасалған сапа сертификаттарын кең пайдалану; бақылаушы органдар тарапынан ақша жинау.
Қазақстанда сауда алаңдарының жетіспеушілік проблемасы сол күйінде қалып отыр, бұл базар иелерінің бәсекеге қарсы әрекеттеріне және жалдау ақысының қымбаттауына әкеледі, осының бәрі сатылатын тауардың құнына әсер етеді.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес халықтың, оның ішінде сауда базарларындағы сауда алаңдарымен орташа қамтылуы республика бойынша бір мың адамға 111,7 шаршы м. құрайды. Сауда алаңдарымен ең аз қамтылу Қызылорда (48,8 шаршы м.), Оңтүстік Қазақстан (40 шаршы м.) және Жамбыл (59,3 шаршы м.) облыстарында болса, ал көп қамтылу Солтүстік Қазақстан облысында (186,6 шаршы м.), Астана қаласында (198,7 шаршы м.) және Алматы қаласында (260 шаршы м.) болып отыр.
Салыстыру үшін, Францияда 1 мың тұрғынға 450 шаршы м. қазіргі заманғы сауда алаңдары тиесілі екен, бұл көрсеткіш Польшада - 350 шаршы м., Чехияда — 200 шаршы м. Бұған қоса әлемнің көптеген елдерінде сауда алаңдарымен қамтылудың нормативтері қабылданған. Мәселен, Белоруссияда ол 1 мың адамға 260 шаршы м., Ресейде қалалық жерлерде бұл норматив 230 шаршы м. деп белгіленген. Қазақстанда мұндай норматив жоқ.
Сыртқы сауда
2007 жылы жалпы сыртқы сауда айналымы 80,5 млрд. АҚШ долларын құраған және 2006 жылмен салыстырғанда 30 %-ға, оның ішінде экспорт - 47,8 млрд. АҚШ доллларына, 24,8 % ұлғайған, импорт - 32,8 млрд. АҚШ долларына, 38,3 %-ға ұлғайған.
2008 жылғы қаңтар - қазанда Қазақстандағы тауар айналымы 93,7 млрд. АҚШ долларын құраған және 2007 жылмен салыстырғанда 44,7 %-ға, оның ішінде экспорт 64,6 %-ға ұлғайған және 62,4 млрд. АҚШ долларын құрады, импорт 16,7 %-ға ұлғайып, 31,3 млрд. АҚШ долларын құрады.
Қазақстан Республикасы тауар айналымының жалпы көлемінде барынша басым салмаққа ие, қазақстандық өнімнің таяу және алыс шетелге экспорттау көлемі - 66,5 %. Бұл ретте импорт көлемі тауар айналымының жалпы көлемінің 33,5 %-ын құрайды.
Сыртқы сауда географиясы. 2007 жылғы жағдай бойынша Қазақстан әлемнің 188 елімен экспорттық-импорттық операциялар, оның ішінде экспорттық операцияларды әлемнің 119 елімен, импорттық операцияларды әлемнің 178 елімен жасайды.
Қазақстандық тауарлардың көпшілік бөлігі (84,4 %) алыс шетелдерге тиесілі (52,6 млрд. АҚШ доллары), 2008 жылғы қаңтар-қазан айларында ТМД елдеріне 9,7 млн. АҚШ доллары сомасына қазақстандық тауарлар әкетілген (15,6%).
Қазақстандық өнімнің негізгі сатып алушылары: Италия (экспорттың жалпы көлемінің 17,2 %), Швейцария (16,0 %), Қытай (10,3 %), Ресей Федерациясы (8,9 %), Франция (7,5 %), Нидерланды (6,4 %), Израиль (3,2 %), Иран (2,9 %).
2007 жылы алыс шетелдерден 18,2 млрд. АҚШ доллары сомасына (55,4 %), ТМД елдерінен - 14,6 млрд. АҚШ доллары сомасына (44,6 %) тауарлар әкелінген. 2008 жылғы қаңтар - қазанда тиісінше 16,7 млрд. АҚШ долларына (53,5 %), оның ішінде ТМД елдерінен - 14,6 млрд. АҚШ долларына (46,5 %) тауар әкелінген.
Импорттық өнімнің негізгі жеткізушілері: Ресей Федерациясы (импорттың жалпы көлемінің 31,7 %), Қытай (11,1 %), Германия (6,9 %), АҚШ (5,0 %), Украина (5,0 %), Италия (3,4 %), Ұлыбритания (1,8 %).
Сыртқы сауда құрылымы. 2007 жылы экспорттық негізгі үлесін шикізат тауарлары иеленді - 86,8 % (2006 жылғы қаңтар-желтоқсанда - 88 %), оның ішінде минералдық өнімдер - 69,7 % (71,9 %), асыл емес металдар мен одан жасалған бұйымдар 17,1 % (16,1 %).
2007 жылы импорттың жалпы көлемінде инвестициялық тауарлар 14,9 млрд. АҚШ долларын немесе 45,4 %-ды (2006 жылы - 11,0 млрд. АҚШ доллары немесе 46,5 %) құрады.
Экспорт құрылымында тауарлардың мынадай түрлері үлкен үлеске ие: минералдық өнімдер - 33276,1 млн. АҚШ доллары, металдар мен олардан жасалған бұйымдар - 8176,2 млн. АҚШ доллары, химия және онымен байланысты өнеркәсіп саласының өнімдері - 1839,4 млн. АҚШ доллары.
Импорт құрылымында тауарлардың мынадай түрлері ең үлкен үлеске ие: машиналар, жабдықтар, көлік құралдары - 8807,7 млн. АҚШ доллары, металдар мен одан жасалған өнімдер - 4354,4 млн. АҚШ доллары, минералдық өнімдер - 4275,6 млн. АҚШ доллары, химия және онымен байланысты өнеркәсіп саласының өнімдері - 2129,8 млн. АҚШ доллары.
Келтірілген көрсеткіштер бүгінде қалыптасқан қазақстандық экспорттық шикізаттық бағыттылығын және экономиканың қайта өңдеу деңгейі жоғары тауарлар импортына тәуелділік үрдісін көрсетеді.
Сыртқы сауда қатынастарын дамыту
Қазіргі уақытта Қазақстан сыртқы сауда қатынастарын әлемнің 191 елімен жүзеге асырады. Сауда-экономикалық келісімдер 50-ге жуық елмен жасалды, олардың көбі сауданы анағұрлым қолайлылық режимі негізінде жүзеге асырады. ТМД елдерімен еркін сауда режимі бекітілді, өңірлік ықпалдастыру процестерін тереңдету бойына жұмыстар жалғасуда.
Қазақстан экономикасын әлемдік сауда жүйесіне ойдағыдай ықпалдастыру мақсатында Үкімет Қазақстанның экономикалық пайдалы жағдайда ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер процесін аяқтау бойынша жұмысты жалғастырып келеді.
Бүгінде Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі жұмыс тобына мүше 21 елмен тауарлар және қызметтер нарығына енуі жөніндегі екі жақты келіссөздерді аяқтады, оның ішінде 2007 жылы - Израилмен, Бразилиямен және Малайзиямен, 2008 жылы - Канадамен және Австралиямен. Қазақстандық заңнаманы ДСҰ-ның міндетті келісімдерінің ережелерімен толықтай сәйкес келтіру және іскер қоғамдастыққа ДСҰ-ның құралдары туралы ақпарат беру жөніндегі жұмыстар жалғасын табуда.
Қазақстанның ДСҰ-ға әлемдік сауда жүйесінің толыққанды мүшесі ретінде қосылуы сауданы реттеудің халықаралық танылған тетіктерін және ДСҰ жүйесінің басымдықтарын, оның ішінде сауда дауларын шешу тетігін пайдалануға мүмкіндік береді.
Қазақстанның сыртқы сауда саясатының басым бағыттарының бірі Еуразия экономикалық қауымдастық жұмысына қатысу болып табылады. ЕурАзЭҚ шеңберінде Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы басқа ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер, олардың дайындығына байланысты бұдан әрі кеден одағына қосылуды қалыптастыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.
Кеден одағын қалыптастыру тараптар арасындағы кедендік шекаралар жойылатын, үшінші елдерге қатысты сауда режимдері бірізге түсіріліп, тауар айналымын реттеу саласындағы заңнама үйлестірілетін бірыңғай кедендік аумақты құруды болжайды.
Қазіргі уақытта 2010 жылға дейін кеден одағын қалыптастырудың іс-қимыл жоспарына сәйкес кеден одағының шартты-құқықтық базасын қалыптастыру жөніндегі жұмыстар аяқталуда, бұл ретте 2007 жылдан бастап 2008 жыл кезеңінде 27 құжат қабылданды.
Қазақстан үшін ЕурАзЭҚ кеден одағының жұмыс істеуі ЕурАзЭҚ шеңберіндегі Бірыңғай экономикалық кеңістікті одан әрі ықпалдастыру-құру кезеңі үшін алаң болып табылады. Болашақта Қазақстан ЕурАзЭҚ-ны бастамашысы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев болып табылатын, мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одағы жолындағы ықпалдастыру процестеріне үдемелі дамудағы баспалдақтарының бірі ретінде қарастырылады.
Экспорттық бақылау және лицензиялау
Отандық өндірушілердің мүдделерін қорғаудың маңызды құрушысы олардың қызметін, тауарлардың экспорты мен импортын және лицензиялауды заңнамалық реттеумен қамтамасыз ету болып табылады. Жалпы «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы жаңа Заңын іске асыру үшін қызметтің лицензияланатын түрлері бойынша жеті жаңа қаулы қабылданды.
2002 жылдан бастап экспортты бақылаудың автоматтандырылған жүйесі (ЭБАЖ) енгізілді. ЭБАЖ лицензияларды беру жөнінде орталықтандырылған деректер қорын жүргізе, лицензияларды белгіленген үлгідегі қорғалған бланкілерде баса және статистикалық сипаттағы анықтама қалыптастыра отырып, Индустрия және сауда министрлігі деңгейінде жұмыс істейді.
Лицензияларды қорғалу деңгейі бар белгіленген үлгідегі бланкілерде беру тәртібін оңайлату, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сұрауларын қанағаттандыратын статистикалық сипаттағы анықтамаларды қалыптастыру, берілген, уақытша тоқтатылған, кері қайтарылып алынған лицензиялар т.б. бойынша бірыңғай деректер қорын жүргізу мақсатында қызмет түрлеріне лицензия беруді автоматтандыру қажет.
Сауда саласындағы проблемалар
Сауда қызметін реттеу саласындағы заңнамалық қамтамасыз етудің әлсіздігі (экспортты реттеу мәселесі бойынша);
отандық өндірушілердің тауарлардың өспелі, демпингтік және субсидияланған импортынан қорғану мүмкіндігі туралы ақпараттың жеткіліксіздігі;
экспорттық бақылау және лицензиялау жүйесін техникалық қамтамасыз етудің әлсіздігі;
ішкі сауда инфрақұрылымын дамыту деңгейінің төмендігі (сауда алаңдарының жетіспеушілігі, қазіргі заманғы көлік-логистикалық орталықтардың жоқтығы);
сауда базарларындағы көлеңкелі айналым деңгейінің жоғарылығы;
шикізаттық емес тауарлар экспортын сервистік қолдау деңгейінің жеткіліксіздігі (Қазақстанның шетелдердегі сауда өкілеттіктері желісінің дамымағандығы);
халықаралық нарық талаптары туралы аз харбарлануы;
экспортты тұтынуды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы құралдарының болмауы;
экспорт құрылымының әлсіз әртараптануы;
экспортты дамыту саласында мемлекеттік саясатының жетілмеуі;
кәсіпорындарда, сондай-ақ қазіргі маркетинг әдістемелері және экспортқа тауарларды жылжытуда экспорттық қызметті жүргізу деңгейінің әлсіздігі.
4. Техникалық реттеу және метрология жүйесін дамыту
2007 жылдың басынан бастап «Техникалық регламенттерді әзірлеудің 2007 - 2009 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы № 361 қаулысына сәйкес республикада бірінші рет техникалық регламенттерді әзірлеу бойынша жұмыс басталды. Белгіленген техникалық регламенттердің талаптарын сақтауды мемлекеттік қадағалау және бақылау объектілері өнімдер, оның тіршілік циклінің процестері, сәйкестікті растау органдары және техникалық регламенттің күші қолданылатын сынақ зертханалары болып табылады.
Жоғарыда айтылған 2007 - 2009 жылдарға арналған техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі Жоспарға сәйкес 97 техникалық регламенттерді қабылдау көзделуде, бүгінгі күнде оның 49 техникалық регламентін Үкімет қабылдады.
Техникалық реттеудің жаңа жүйесіне көшу жағдайында стандарттаудың негізгі мақсаты халықаралық талаптармен үйлесімдендірілген мемлекеттік стандарттар түріндегі техникалық регламентпен деректер базасын қалыптастыру болады.
Жыл сайын экономиканың басым салалары (текстиль өнеркәсібі, тамақ, мұнай-газ, машина жасау т.с.с.) бойынша мемлекеттік стандарттар әзірлеуді қамтитын мемлекеттік стандарттау жөніндегі Жоспар қалыптасып, іске асырылуда, сондай-ақ, экономикалық салаларға мемлекеттік стандарттарды енгізу мақсатымен қабылданған стандарттарды қарастыратын стандарттаудың салалық жоспарларын әзірлеу жөніндегі жұмыс жүргізілуде.
Соңғы 3 жылда мемлекеттік стандарттарды жаңарту қарқыны ұлғайды - 2006 жылдың басында үйлесімдендіру пайызы 53 %-ды, 2007 жылы 60,8 %-ды, 2008 жылы 62,7 %-ды құрады.
Халықаралық стандарттармен үйлесімдендіру көрсеткіштерінің жоғарғы деңгейі жол-көлік және темір жол техникаларын өндіру саласы, тамақ өнеркәсібі, мұнай және газ, құрылыс материалдары және құрылыс салаларына және төменгі деңгейі энергетика және электротехника, машина жасау салаларына тиесілі болып отыр.
Қазіргі таңда халықаралық тәжірибе есебімен стандарттарды әзірлеу үшін республикада құрамына мемлекеттік органдар, өндірушілер, тұтынушылар және т.б. бар 49 техникалық комитет, сондай-ақ стандарттау жөніндегі 2 мемлекетаралық техникалық комитет жұмыс істейді.
Мұнай-газ саласындағы стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің РГ 4 «Терминология» ИСО/ТК 193 «Табиғи газ» енуі бойынша процедура өткізілді. Халықаралық стандарттарды әзірлеу сатысында қазақстандық тауар өндірушілердің мүдделерінің ескерілуіне мүмкіндік беретіндіктен, қазақстандық техникалық комитеттердің халықаралық және мемлекетаралық техникалық комитеттердің қызметіне қатысуын жандандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Қазақстан стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың (ИСО және МЭК) мүшесі ретінде ИСО 17 техникалық комитетінің мүшесі, ассоциацияланғын мүшелер сипатындағы 4 ИСО/ТК бақылаушы-мүшесі болып табылады.
Халықаралық комитеттермен өзара бірлесіп әрекет ету шеңберінде халықаралық стандарттар жобасы қаралып, республиканың мүдделі тұлғаларының қатысуымен сайлау процедурасы өткізілігі жатыр.
ДСҰ-ға мүше мүдделі елдерге Қазақстан Республикасында қолданыстағы стандарттар бойынша мағлұмат беру үшін 2005 жылы Үкімет аймақтардағы аумақтық бөлімшелермен және ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау министрліктері жанындағы ішкі орталықтармен Саудадағы техникалық кедергілері, санитарлық және фитосанитарлық өлшемдері жөніндегі ақпараттық орталықты құрды.
ДСҰ Хатшылығынан, ДСҰ-ға мүше елдерден түскен ТБТ және СФС мәселелері жөніндегі хабарландыруларды Ақпараттық орталығы өңдеп, www.memst.kz сайтына, ал филиалдар және кіші орталықтар аймақтардағы әкімдіктер мен жергілікті басқару органдарының сайттарына орналастырады.
Соңғы 3 жылда Дүниежүзілік сауда ұйымының саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық өлшемдер жөніндегі келісімінің шеңберінде ДСҰ Хатшылығы мен ДСҰ-ға мүше елдерден саудадағы техникалық кедергілер жөнінде 3 977, санитарлық және фитосанитарлық өлшемдер жөнінде 3 761 хабарландыру түсіп, өңделді.
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес техникалық регламенттер мен стандарттардың Мемлекеттік қоры қалыптасып жұмыс істеуде, оның нормативтік құжаттарының жалпы саны 51 645 атаулардан тұрады, оның ішінде 2 382 мемлекеттік, 19 527 мемлекетаралық стандарттар; 19 000 мыңнан астам халықаралық стандарттар т.с.с.
Менеджмент жүйелерін әзірлеген, енгізген және сертификаттаған ел кәсіпорындарының саны мынадай түрде өзгереді: 2005 жылы - 470 кәсіпорын менеджмент жүйесін әзірледі, енгізді және сертификаттады, тағы да 160 кәсіпорын енгізу және сертификаттау үстінде; 2006 жылы 700 (263); 2007 жылы 1132 (337).
Отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілетті өнімдерінің өндірісін ынталандыру мақсатында Республикада Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын алу үшін жыл сайын конкурстар мен «Алтын сапа» республикалық көрме-конкурсы өткізілуде.
Сонымен қатар, қазақстандық өнімнің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілетін арттыру үшін жағдайлар жасау мақсатында техникалық реттеу және менеджмент жүйесі саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Техникалық реттеу және менеджмент жүйесі саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру шеңберінде 2008 жылы 416 адамды оқыту жүзеге асырылды.
Оқыту рәсімдерін жетілдіру мақсатында қашықтықтан оқыту мен электронды тестілеуді енгізу жөніндегі шаралар кешені (қашықтықтан оқытуды енгізудің теориялық тәжірибесін зерттеу, электронды тестілеудің деректер базасын құру үшін тестілер әзірлеу, электронды оқулық жобасын жасау) әзірленуде. Бұдан басқа, кадрларды дайындау және біліктілігін арттыру жөніндегі біртұтас орталық құру мәселелері талқылануда.
Метрологиялық қызметтің негізгі мақсаты «Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын өлшемдердің дұрыс емес нәтижелерінің салдарынан ел экономикасының мүдделері мен азаматтарының құқықтарын қорғау болып табылады.
Экономиканың өсуімен елдің өлшем құралдарына мен олардың дәлдігін арттыруға мұқтаждықтары өсіп келеді.
Қазіргі уақытта республиканың эталондық базасы 98 эталондық бірліктерден және эталондық жабдықтан тұрады, оның ішінде 50 бірлігі мемлекеттік эталондар, 27 бірлігі жұмыс эталондары және 21 бірлігі эталондық жабдықтар.
Техникалық реттеу және метрология саласындағы проблемалық мәселелер
Өнеркәсіптің базалық салаларында (мұнай-газ секторы, құрылыс, тау-кен металлургиялық кешені, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы) техникалық регламенттер мен стандарттарды енгізу;
халықаралық талаптармен стандарттау саласындағы нормативтік құжаттарды үйлесімдендіру деңгейінің жеткіліксіздігі (Қазақстанның стандарттары - 2382 бірлік, үйлесімдендіру деңгейі - 62,7 %, МЕМСТ-тар - 19527 бірлік, үйлесімдендіру деңгейі - 12 %, жыл сайын қайта қабылданған үйлесімдендірудің МЕМСТ деңгейі 50 % астамды құрайды);
республикалық кәсіпорындарға сапа менеджмент жүйесін енгізу деңгейінің жеткіліксіздігі;
кәсіпкерліктің менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттарын енгізуге қызығушылығының төмендігі (бүгінгі күні республикада статистика деректері бойынша 247 930 заңды тұлға тіркелген, олардың ішінде 2 065 кәсіпорын ИСО-9000, 14000, 18000, 22000, SА 8000 стандарттарын сертификаттады);
республикада өлшем құралдарын метрологиялық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі және өңірлерде сынақтық зертханалар желілерін тең емес орналастыру.
3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер
4. Техникалық реттеу және метрология жүйесін дамыту