2007-2009 жылдарға арналған техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы № 361 Қаулысы (2009.22.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

2007-2009 жылдарға арналған техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы № 361 Қаулысы

(2009.22.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2243 Қаулысымен күші жойылды

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған 2007 - 2009 жылдарға арналған техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

2. Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.

3. Жоспарда көзделген техникалық регламенттерді әзірлеуші мемлекеттік органдар Жоспарда айқындалған айдың 25-күнінен кешіктірмей техникалық регламенттерді Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің

2007 жылғы 4 мамырдағы

№ 361 қаулысымен

бекітілген

 

ҚР Үкіметінің 2008.22.12. № 1194 қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2009.22.06. № 960 Қаулысымен (бұр.ред.қара) жоспар өзгертілді

 

Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған жоспар

 

 

Ескертпе:

 

ККМ               - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация

                    министрлігі

Қоршағанортамині  - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау

                    министрлігі

ІІМ               - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

ИСМ               - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда

                    министрлігі

ТЖМ               - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар

                    министрлігі

ЭМРМ              - Қазақстан Республикасы Энергетика және

                    минералдық ресурстар министрлігі

АШМ               - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы

                    министрлігі

ДСМ               - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

                    министрлігі

Еңбекмині         - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

                    әлеуметтік қорғау министрлігі

АБА               - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және

                    байланыс агенттігі

ҰҚК               - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік

                    комитеті