Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 Қаулысы
(2021.23.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), ұлттық басқарушы мен ұлттық холдингтер:
1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) апта сайын, есепті аптаның жұма күні сағат 18:00-ге және ай сайын, есептіден кейінгі айдың 1-күніне Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат, оның ішінде Жоспарды іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі:
1) апта сайын, есептіден кейінгі аптаның дүйсенбісіне және ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат, оның ішінде Жоспарды іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін;
2) ай сайын, 15-күнге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар берсін;
3) екі апта мерзімде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, мониторингінің нысандарын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізсін.
ҚР Үкіметінің 2009.11.06. № 890 (бұр.ред.қара); 2009.20.07 № 1101 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді
4. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» және «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамдары ай сайын, есептіден кейінгі айдың 1-күніне Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспарды іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы ақпарат берсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.17.02. № 166 (бұр.ред.қара); 2009.17.02. № 180 (бұр.ред.қара); 2009.17.02. № 177 (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2009.18.03. № 350 (бұр.ред.қара); 2009.14.04. № 519 (бұр.ред.қара); 2009.06.05 № 633 (бұр.ред.қара); 2009.14.05 № 707 (бұр.ред.қара); 2009.11.06. № 890 (бұр.ред.қара); 2009.20.07 № 1101 (бұр.ред.қара); 2009.21.07 № 1108 (бұр.ред.қара); 2009.31.07. № 1163 (бұр.ред.қара); 2009.28.09 № 1453 (бұр.ред.қара); 2009.30.09 № 1482 (бұр.ред.қара); 2009.09.10 № 1553 (бұр.ред.қара); 2009.03.11 № 1747 (бұр.ред.қара); 2009.30.11. № 1962 (бұр.ред.қара); 2009.30.12 № 2309 (бұр.ред.қара); 2010.28.06. № 659 (бұр.ред.қара); 2010.13.10. № 1064 (бұр.ред.қара); 2010.23.11. № 1236 (бұр.ред.қара); 2010.09.12. № 1339 (бұр.ред.қара); 2010.28.12. № 1427 (бұр.ред.қара); 2010.30.12. № 1474 (бұр.ред.қара) қаулыларымен; 2021.23.12. № 918 Қаулысымен (бұр.ред.қара) жоспар өзгертілді
ҚР Үкіметінің 2009.11.06 № 890 қаулысымен мәтін бойынша «ҚазАгро» ҰХ» АҚ» деген сөздер «ҚазАгро» холдингі» АҚ» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 13 қаңтардағы
№ 6 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
және қаржы Ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі
2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары