«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 292-ө Өкімі (2009.04.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 292-ө Өкімі

(2009.04.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары тізбеге сәйкес белгіленген мерзімде:

1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

2) ведомстволық нормативтік құқықтық актілер қабылдасын.

3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевқа жүктелсін.

 

 

 

ҚР Премьер-Министрінің 2009 жылғы 4 тамыздағы № 111-ө Өкімімен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2008 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 292-ө өкімімен бекітілген

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін іске асыру

мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының

нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

 

 

Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҚР - Қазақстан Республикасы

ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

МҚА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

ЕК - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті

ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі