Қазақстан Республикасында жүктілікті жасанды үзуді жүргізуді ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 696 Бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрдің м.а. 2009 жылғы 30 қазандағы № 626 Бұйрығымен күші жойылды
«Азаматтардың ұрпақты болу құқығы және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жүктілікті жасанды үзуді жүргізуді ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (келісім бойынша) басшылары акушерлік-гинекологиялық бейінді барлық медициналық ұйымдармен осы бұйрықты іске асыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Емдеу-профилактикалық жұмыс департаменті (Ж.Қ. Исмаилов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (А.Б. Молдағасымова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден кейін ресми жариялануға жіберсін.
5. Мынадай:
1) азаматтық нормативтік құқықтық актілердің тізбесінде № 1620 тіркелген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық атқарушы және өзге де азаматтық нормативтік құқықтық бюллетенінде жарияланған, 2001 жыл, № 30, 478-құжат, «Жүктілікті үзуді жүргізу ережесі және көрсеткіші туралы» Денсаулық сақтау ісі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 24 шілдедегі № 687 бұйрығының;