Қазақстан Республикасында жүктілікті тоқтатуды жүргізудің көрсеткіштері мен ережелері туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 ж. 24 шілдедегі № 687 бұйрығы (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.05.02 ж. № 481; 30.09.02 ж. № 905 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасында жүктілікті тоқтатуды жүргізудің көрсеткіштері
мен ережелері туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі
жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 ж. 24 шілдедегі № 687 бұйрығы
(ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.05.02 ж. № 481; 30.09.02 ж.
№ 905 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 696 Бұйрығымен күші жойылды

 

Жүктiлiктi жасанды түрде тоқтату кезiнде өсiмпаздық денсаулықты сақтау және әйелдерге медициналық қызмет көрсетудiң сапасын жақсарту мақсатында,

Бұйырамын:

1. Қоса берiлгендердi бекiтемiн:

1) Жасанды түсiк жасау арқылы жүктiлiктi тоқтату операцияларын жүргiзу ережелерiн.

2) Жасанды түсiк жасау арқылы жүктiлiктi тоқтату операцияларының медициналық көрсеткiштерi.

3) Жасанды түсiк жасау арқылы жүктiлiктi тоқтату операцияларының әлеуметтiк көрсеткiштерi.

2. Халыққа медициналық көмек көрсетудiң сапасын бақылау және ұйымдастыру Департаментiнiң директоры осы бұйрықты барлық Емдеу-алдын алу ұйымдарына жеткiзсiн.

3. Облыстардың, Алматы, Астана қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерiнiң) басшылары осы бұйрықтан туындайтын шараларды қолдансын.

4. Осы бұйрық мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ҚР Денсаулық сақтау iсi жөніндегі Агенттiгiнiң Төрағасының орынбасары А. Айдархановқа жүктелсiн.

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау iсi жөніндегі

Агенттiгi Төрағасының

2001 жылдың 24 шiлдесіндегі

№ 687 бұйрығымен

Бекiтiлдi

Жасанды түсiк жасау арқылы жүктiлiктi тоқтату

операцияларын жүргізу

ЕРЕЖЕЛЕРI

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.05.02 ж. № 481 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.