«Төлемдер мөлшерлемелерін бекіту туралы»
IІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XІІІ сессиясының
2001 жылғы 5 желтоқсандағы шешімі
(2006.21.12. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2008 жылғы 22 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 373 бабының 2 тармағына, 394 бабына сәйкес және Алматы қаласы Әкімінің ұсынысы бойынша II сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешім қабылдады:
1. Ауық-ауық көрсетілетін кәсіпкерлік қызметтерге бір жолғы талонның негізінде салық мөлшерлемелері бекітілсін (№ 1 қосымша).
2. Төмендегі қызметтерге көрсететін жеке кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға, олардың филиалдарына, өкілдіктеріне және басқа да оқшауланған құрылымдарға кесімді жиынтық салық мөлшерлемелері бекітілсін (№ 2 қосымша):
1) ойын бизнесі;
2) ақшалай ұтыс бермейтін ойын автоматтары;
3) боулинг (кегельбан);
4) картинг;
5) бильярд;
6) лото ойынын ұйымдастыру.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау экономика және өндірісті дамыту жөніндегі тұрақты депутаттық комиссияға (А.И. Шелипанов), Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасына (Б.У. Қалижанов) жүктелсін.
II сайланған Алматы
қалалық Мәслихатының
| XIII сессиясының төрағасы
| Қ. Абдрахманов |
ІІ сайланған Алматы
қалалық Мәслихатының
| хатшысы
| Ж. Түрегелдінов |
Мәслихатының XIII сессиясының
2001 жылғы 05 желтоқсандағы
шешіміне № 1 қосымша
| Кезектi саны | Кәсіпкерлік қызметінің түрлерi | Бір күндік бір жолғы алынған талонның мөлшерлемесi (теңге) |
| 1 | Жеке жеңіл автомобиль иелерінің жолаушы тасымалдау бойынша көрсететін қызметтерi |
|
|
| а) қала ішінде, ауданаралық | 170 |
|
| б) қалааралық | 280 |
| 2. | Жеке жүк автомобильдері (лицензияланғаннан басқалары) иелерінің жолаушы тасымалдау бойынша көрсететін қызметтерi | 280 |
| 3. | Жеке жүк автомобильдері иелерінің (лицензияланғаннан басқалары) жүк тасымалдау бойынша көрсететін қызметтері. Соның ішінде, |
|
|
| Қала ішінде |
|
|
| А) 1 тоннаға дейінгі жүк | 230 |