«2009 жылы Алматы қаласында жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 6/1019 қаулысы (күші жойылды)

2009 жылы Алматы қаласында жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiберу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 6/1019 қаулысы

 

Алматы қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 1/67 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» № 836 қаулысын басшылыққа алып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. 2009 жылға арналған ұйымдардың және қоғамдық жұмыстардың түрлерi мен көлемiнiң ұсынылған тiзбесi бекітілсiн.

2. Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасына жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындау туралы шарттар жасасуға өкілеттік берілсін.

3. Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы қала бюджетiнiң 2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарын өткiзуге қарастырылған қаражат шегiнде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiберуді жүзеге асырсын;

қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу екiншi деңгейдегі банктердегi жеке есеп шоттарына аудару арқылы жүргiзілсiн.

4. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыз азаматтардың еңбекақысы ең төменгі екі айлық жалақы мөлшерiнде белгiленсiн.

5. Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы «2008 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiберу туралы» № 10/1245 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 765 болып тіркелген, «Алматы Ақшамы» газетінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 10 санында, «Вечерний Алматы» газетінің 2008 жылғы 14 ақпандағы  № 20-21 санында жарияланған).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.