Модульді мал сою бекеттеріндегі ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізетін
зертханаларға арналған ветеринариялық нормативтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2009 жылғы 8 қаңтардағы № 6 Бұйрығы
(2014.06.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.20.12. № 767 бұйрығымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 8-бабының 20) тармақшасын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған модульді мал сою бекеттеріндегі ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізетін зертханаларға арналған ветеринариялық нормативтер бекітілсін.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.20.12. № 767 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2014.06.11. № 7-1/573 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Ветеринария саласындағы уәкілетті орган оның аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп заңнамада бекітілген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын қажетті шаралар қабылдасын.
3. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.