«2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы № 23-11қ Қаулысы (2009.11.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы № 23-11қ Қаулысы

(2009.11.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 23-12қ Қаулысымен күші жойылды

 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге мемлекеттік кепілдік беру жүйесін кеңейту мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған 2009 жылы жұмыссыздар мен оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімі бекітілсін.

2. «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандарының әкімдері «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп 2009 жылы қолайлы жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген жұмыссыздар мен сабақтан бос уақытында оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын.

3. Ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтылатын жұмыссыздардың және оқитын жастардың еңбекақы төлемі 2009 жылға белгіленген ең төменгі еңбекақыдан төмен емес айлық еңбекақы мөлшерінде осы кәсіпорындағы немесе ұйымдағы баға бойынша нақты орындалған жұмысқа жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.

4. «Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

халықты, сондай-ақ қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарын қоғамдық жұмыстардың ұйымдастырылуы, өткізілуі және олардың төлем ережесі туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін;

әділет органдарында осы қаулының мемлекеттік тіркелуін жүргізсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.