Халықтың нысаналы топтарын және 2009 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шараларды белгілеу туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы № 23-10қ Қаулысы
(2009.25.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қаңтардағы № 23-1қ Қаулысымен күші жойылды
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Астана қаласы Әкімдігінің 2009.25.05. № 23-513қ Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар белгіленсін:
1) аз қамтылғандар;
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
6) жасы бойынша зейнеткерлікке шығатын (зейнеткерлік жасына екі жыл қалған) тұлғалар;
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар.
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13) орта арнайы және орта кәсіптік оқу орындарының түлектері;
14) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін тұлғалар;
15) толық емес жұмыс режимінде қамтылған қызметкерлер;
16) жұмыс берушінің бастамасы бойынша жалақысы сақталмайтын мәжбүрлі демалыстағы тұлғалар.