Корпорациялық табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларация) жасау ережесі (100.00-нысан) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2008 жылгы 25 желтоқсандағы

№ 611 бұйрығымен бекітілген

 

 

ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы  25 желтоқсандағы  № 611 бұйрығының 4-тармағына сәйкес ереженің қолданысы 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде туындаған қатынастарға қолданылады

 

ҚР Қаржы министрінің 2009.15.12. № 565 Бұйрығымен Ереже жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 ж. 1 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара)

 

 

Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (100.00-нысан)
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) сәйкес әзірленген және корпоративтік табыс салығын есептеуге арналған осы Ережеге қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны мыналарды:

мемлекеттік мекемелерді;

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Енгізу туралы заң) 23-бабына сәйкес қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын;

Салық кодексінің 134-бабы 2-тармағында көрсетілген табыстар бойынша Салық кодексінің 134-бабының тиісті шарттарына сай келетін коммерциялық емес ұйымдарды;

Салық кодексінің 135-бабының шарттарына сай келетін әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды;

ережелері тікелей салық режимінің тұрақтылығын қарастыратын Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен өнім бөлу туралы келісім (келісім-шарт) немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар жасайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.