«Менің Отаным - Қазақстан» республикалық туристік экспедициясын (туристік жорығын) ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 61 Қаулысы

«Менің Отаным - Қазақстан» республикалық туристік экспедициясын (туристік жорығын)
ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 61 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасында балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Менің Отаным - Қазақстан» республикалық туристік экспедициясын (туристік жорығын) өткізу жөніндегі ұйымдастру комитетінің құрамы бекітілсін.

2. «Менің Отаным - Қазақстан» республикалық туристік экспедициясын (туристік жорығын) (бұдан әрі - экспедиция) ұйымдастыру үш кезеңде жүзеге асырылады деп белгіленсін:

1) бірінші кезең - аудандық (өткізілу мерзімі наурыздың 31-не дейін, жыл сайын);

2) екінші кезең - облыстық (өткізілу мерзімі мамырдың 31-не дейін, жыл сайын);

3) үшінші кезең - республикалық (өткізілу мерзімі тамыздың 31-не дейін, жыл сайын).

3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері экспедиңияның аудандық және облыстық кезеңдерін ұйымдастыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

4. «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 156 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 6, 77-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары:

мынадай мазмұндағы 11-бөліммен толықтырылсын:

«11. «Менің Отаным - Қазақстан» республикалық туристік экспедициясының (туристік жорығының) (бұдан әрі - экспедиция) жобасын іске асыру

 

 ».

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің

2009 жылғы 27 қаңтардағы

№ 61 қаулысымен

бекітілген

 

«Менің Отаным - Қазақстан» республикалық туристік экспедициясын (туристік жорығын)

өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы