Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселері
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 265 Бұйрығы
(2010.19.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығымен күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мыналарды қамтитын Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы;
бюджет түсемдерінің сыныптамасы;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы;
бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымы бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
3. Мемлекеттік жоспарлау әдістемесі департаменті (Е.Бабажанова) Заң департаментімен (А.Ешімова) бірлесіп осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.