«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрдің міндетін атқарушысының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 265 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 26 Бұйрығы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы
 Экономика және бюджеттік жоспарлау министрдің міндетін атқарушысының
 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 265 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 26 Бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығымен күші жойылды

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 26-бабының 3, 4-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрдің міндетін атқарушысының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 265 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 5429 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасында:

бюджет түсімдерінің сыныптамасында:

1 «Салықтық түсімдер» санатында:

05 «Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар» сыныбында:

3 «Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер» ішкі сыныбында:

16 «Қоршаған ортаны эмиссия үшін төленетін төлемақы» ерекшілігінде:

«ортаны» деген сөз «ортаға» деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;

2 «Салықтық емес түсімдер» санатында:

06 «Басқа да салықтық емес түсімдер» сыныбында:

1 «Басқа да салықтық емес түсімдер» ішкі сыныбында:

01 «Анықталмаған түсімдер» ерекшелігі алынып тасталсын;

бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

105 «Республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оларға сараптама жасау» бюджеттік бағдарламасының атауы «инвестициялық» деген сөзден кейін «жобалардың» деген сөзбен толықтырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.