Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009
жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 156 Қаулысы
(2008.19.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 27 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Жоспардың орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі ұйымдар:
1) Жоспардың орындалуы жөнінде шаралар қабылдасын;
2) жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жыл сайын 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.