Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2009 жылға арналған жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 184 Қаулысы
(2010.04.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2009 жылға арналған жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмысын үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.
3. Жоспарда көзделген заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар заң жобаларын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Жоспарда белгіленген айдың 1-күнінен кешіктірмей және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспарда белгіленген айдың 20-күнінен кешіктірмей ұсынсын.
4. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.08.05. № 676 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.09.06. № 874 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 1091 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.07.09. № 1315 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.17.09. № 1399 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2009.26.11. № 1945 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.04.02. № 73 Қаулысымен (бұр.ред.қара) жоспар өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 18 ақпандағы
№ 184 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының
2009 жылға арналған жоспары
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ЕК - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі