Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 ақпандағы № 111 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 Қаулысымен 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 6-қосымшада:
«Қызметкерлер кәсіптерінің, лауазымдарының, санаттарының атауы» деген 2-бағанда:
реттік нөмірі 1-жолда:
1) тармақшада «Денсаулық сақтау ұйымдарының (бөлімшелерінің)» деген сөздерден кейін «дәрігерлерінен, орта медицина қызметкерлерінен, санитарларынан басқа,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшада «Денсаулық сақтау ұйымдары мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің» деген сөздерден кейін «дәрігерлерінен, орта медициналық қызметкерлерінен басқа,» деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақшада «туберкулезге қарсы кабинеттердің» деген сөздерден кейін «дәрігерлерінен, орта медициналық қызметкерлерінен, санитарларынан басқа» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 18), 19), 20), 21) тармақшалармен толықтырылсын:
«
»;
реттік нөмірі 6-жолда:
2) тармақшада:
бірінші абзац «акушер-гинекологиялық» деген сөздерден кейін «, неонатологиялық, гематологиялық» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«неонатолог»;
жиырма екінші абзацтағы «травматология» деген сөздің алдынан «нәрестелердің физиологиясы және патологиясы бөлімшелерінің, шала туған нәрестелерге күтім жасау бөлімшелерінің нәрестелерге күтім жасауды жүзеге асыратын медициналық бикесі» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
«
»;
5) тармақшада:
«жалпы сараптамалық зерттейтін» деген сөздер алынып тасталсын;
5-бағанда:
бірінші абзацтағы «мәйіттерді сараптаумен» деген сөздерден кейін «және мәйіт материалдарымен» деген сөздермен толықтырылсын;
Ескертпенің 1-тармағындағы «70 %» деген сандар «220 %» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 22-қосымшада:
«Қызметкерлер мамандықтарының, лауазымдарының атауы» деген бағанда:
реттік нөмірі 1-жолда:
2) тармақшадағы «операция медициналық бикесі» деген сөздерден кейін «, хирургия медициналық бикесі» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 6-жолда:
1) тармақшадағы «жалпы сараптамалық зерттеулердің» деген сөздер алынып тасталсын, «мәйіттердің сараптамасымен» деген сөздерден кейін «және мәйіт материалдарымен» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-жолмен толықтырылсын:
«
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.