Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың
2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
Осы редакция 2009 жылғы 11 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің түсініктемесін қара
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасында туризмді дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Yкіметіне Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.