Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын
(Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 274 Қаулысы
(2010.14.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) (бұдан әрі - Жол картасы) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жол картасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары Іс-шаралар жоспарының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:
1) бір апта мерзімде мемлекеттік органдардың, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
2) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 1-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
5. Іс-шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарында жылына екі рет, бірінші және үшінші тоқсандар өткен соң Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы бойынша қаралады деп белгіленсін.
ҚР Үкіметінің 2009.06.05 № 635 Қаулысымен 5-1 тармақпен толықтырылды
5-1. Іс-шаралар жоспарынан туындайтын дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ерекше тәртіппен жүзеге асырылады деп белгіленсін.
6. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына Іс-шаралар жоспарының орындалған тармақтарын бақылаудан алу туралы шешім қабылдау құқығы берілсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына жүктелсін.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.14.04. № 303 Қаулысымен жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 10 наурыздағы
№ 274 қаулысымен
бекітілген
Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс агенттігі
РБК - Республикалық бюджет комиссиясы
ВАК - ведомствоаралық комиссия «ҚазАгро» ҰБХ»
АҚ - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы«Самұрық-Қазына»
ҰӘҚ «АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы