Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 289 Қаулысы
(2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталығы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық) болып;
2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі - кәсіпорындар) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Орталықты мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3. Мыналар:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы» Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметінің негізгі мәні - денсаулық сақтау және ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;
«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ауруханасы», «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны және «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметінің негізгі мәні - денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 683 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Орталықтың және кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;
2) Орталықтың және кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.