«Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 293 Қаулысы (2012.16.01. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 293 Қаулысы

(2012.16.01. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 Қаулысымен күші жойылды

 

«Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 194 бұйрығын қараңыз

 

«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 6-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Үкіметінің 2012.16.01. № 59 Қаулысымен тізбе өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің

2009 жылғы 12 наурыздағы

№ 293 қаулысымен

бекітілген

 

Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер)

тізбесі