Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қарашадағы № 1151 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 334 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлардың номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қарашадағы № 1151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 43, 576-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлардың номенклатурасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.