«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 72 каулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 394 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 72 каулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 394 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 222 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 72 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамына:

Каспий теңізі, Жайық өзені және Қиғаш өзені бойынша мыналар енгізілсін:

 

Кемалов

Сайфолла Насырұлы

- Атырау облысы әкімінің орынбасары;

 

Мұхсанов

Әбілқайыр Мұтиұлы

- «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Атырау филиалының директоры (келісім бойынша);

көрсетілген құрамнан Тасыбаев Манас Мұхитұлы, Бокова Елена Борисовна шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі   

 

К. Мәсімов