Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөніндегі конкурстық комиссиялардың құрамын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 222 Қаулысы
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөніндегі конкурстық комиссиялардың құрамы бекiтiлсiн.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.