Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 426 Қаулысы
(2015.23.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2015.31.10. № 870 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат);
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
барлық мәтін бойынша «су қорын пайдалану және қорғау» деген сөздерден кейін «, сумен жабдықтау және су бұру» деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақ мынадай мазмұндағы 155), 156), 157), 158), 159), 160), 161) және 162) тармақшалармен толықтырылсын:
«155) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің өлшемдерін бекітеді;
156) елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережесін әзірлейді;
157) елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау ережесін әзірлейді;
158) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану ережесін бекітеді;
159) жерді гидромелиорациялау жөніндегі салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлейді;
160) жерді гидромелиорациялауды дамыту бағыттарын айқындайды;
161) гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстарын паспорттауды жүргізу тәртібін, сондай-ақ паспорт нысанын белгілейді;
162) су шаруашылығы ұйымдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы 235) тармақшамен толықтырылсын:
«235) жерді гидромелиорациялау жөніндегі салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды іске асыру.»;
3) ҚР Үкіметінің 2015.23.12. № 1034 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің
2009 жылғы 30 наурыздағы
№ 426 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1265 қаулысымен
бекітілген
Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелердің тізбесі