Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 123 бұйрығы
ҚР Қаржы Министрлігінің 2012 жылғы 8 ақпандағы № 92 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 25 және 35-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған қосылған құн салығының асып кетуін қайтару ережесі бекітілсін.
2. «Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтару ережесін бекіту және «Салық есептілігін жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2007 жылғы 26 маусымдағы № 428 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4813 болып тіркелген, 2007 жылы 7 тамызда, № 119 (1322) «Юридическая газета» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуін және одан кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Жәмішев |
Қаржы министрінің
2009 жылғы 25 наурыздағы
№ 123 бұйрығымен
бекітілген
Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару
ережесі