2009 жылғы арналған облыстық бюджет туралы
Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 13/2 шешімі
(2009.25.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 75, 240 бабтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес, облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2009.22.04. № 15/1 шешімімен (бұр.ред.қара); 2009.24.07. № 17/2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2009.14.10. № 18/1 шешімімен (бұр.ред.қара); 2009.20.11. № 19/1 шешімімен (бұр.ред.қара); 2009.25.12. № 20/15 шешімімен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мына көлемдерде 2009 жылға арналған облыстық бюджет 1 қосымша бойынша бекітілсін:
1) кірістер - 62 490 499,2 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 6 507 384,2 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 455 335 мың теңге;
трансферттердің түсуі - 55 527 780 мың теңге;
2) шығындар - 62 649 782,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -34 000 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 339 000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 373 000 мың теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 5 000 мың теңге, соның ішінде:
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсім - 5 000 мың теңге;
5) бюджет профициті - -120 283 мың теңге;
6) бюджет профицитін пайдалану - 120 283 мың теңге.
2. 2009 жылға арналған облыстық бюджеттің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес келесі салықтық түсімдер есебінен қалыптасатындығы белгіленсін:
жеке табыс салығы;
жер бетіне жақын көздердегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем;
орманды пайдаланған үшін төлем;
қоршаған ортаны эмиссия үшін төлем.
Облыстық бюджетке жеке табыс салығы бойынша кірістерді бөлу нормативі белгіленсін - 100 пайыз, Петропавл қаласы және аудандар бюджеттеріне әлеуметтік салық бойынша - 100 пайыз.
3. Облыстық бюджеттің кірісі мынандай салықтық емес түсімдер есебінен қалыптасатындығы белгіленсін: