«Салық есептілігін жасауды ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 165 бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019 жылғы 5 тамыздағы № 820 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салық есептілігін жасауды ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5423 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2008 жылғы 31 желтоқсанда № 197 (1597) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығы бойынша салық есептелігін (декларацияны) жасау ережесінде (300.00-нысан):
16-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 300.00.12 А жолында Қазақстан Республикасында сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша, оның ішінде қосылған құн салығынсыз сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша айналымдардың жалпы сомасы көрсетіледі;»;
27-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) В бағанында импорттың реттік нөмірі көрсетіледі:
1 - өнеркәсіптік өңдеуге арналған тауарлар импорты;
2 - су, газ, электр энергиясының импорты;»;
4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) D бағанында шот-фактурада көрсетілген нөмірге сәйкес келуі тиіс араб цифрларымен шот-фактураның нөмірі көрсетіледі.
Есепті кезең ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімі электронды түрде берілген кезде шот-фактура нөмірін көрсетуге арналған ұяшықтардың саны шектелмейді;»;
6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) F бағанында қосылған құн салығын есепке алмай шот-фактурада көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құндарының барлығы көрсетіледі.