Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 30 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 14 шілдедегі № 359 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 198-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. «Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 11 желтоқсандағы № 437 (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 3349 тіркелген) бұйрығы күшін жойды деп танылсын.
4. Осы бұйрық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2009 жылғы 26 қаңтардағы
№ 30 бұйрығымен бекітілді
Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесі
1. Жалпы ереже
1. Осы Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесі (бұдан әрі - Ереже) бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі, бюджет кредиттерін пайдалану, өтеу және қызмет көрсету, бюджет кредиттерін пайдаланудың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау тәртібін белгілейді.
2. Бюджет кредиттерін тіркеу
2. Бюджет кредиттерін тіркеуді:
1) кредит шартына тіркеу нөмірін беру және тіркеу кітабына жазу арқылы республикалық бюджет ақшасының есебінен бюджеттік кредиттер бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган;
2) кредит шартына тіркеу нөмірін беру және тіркеу кітабына жазу арқылы жергілікті бюджет ақшасының есебінен бюджеттік кредиттер бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
3. Осы Ереженің № 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркеу кітабы нөмірленген, бауланған және мынадай:
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.