«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 515 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 515 Қаулысы

 

«2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-тармақта:

«2845331476» деген цифрлар «2821894548» деген цифрлармен ауыстырылсын;

«1827322214» деген цифрлар «1455613715» деген цифрлармен ауыстырылсын;

«55352958» деген цифрлар «58813022» деген цифрлармен ауыстырылсын;

«17957823» деген цифрлар «15056048» деген цифрлармен ауыстырылсын;

«944698481» деген цифрлар «1292411763» деген цифрлармен ауыстырылсын;

«3177558934» деген цифрлар «3253815321» деген цифрлармен ауыстырылсын;

«46154983» деген цифрлар «30197898» деген цифрлармен ауыстырылсын;

«60177000» деген цифрлар «44219915» деген цифрлармен ауыстырылсын;

«195242554» деген цифрлар «111506324» деген цифрлармен ауыстырылсын;

«196742554» деген цифрлар «113006324» деген цифрлармен ауыстырылсын;

2) 3-тармақта:

27) тармақша «салуға» деген сөзден кейін «және (немесе) сатып алуға» деген сөздермен толықтырылсын;

28) тармақшадағы «дамытуға және жайластыруға» деген сөздер «дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға» деген сөздермен ауыстырылсын;

29) тармақшадағы «салуға және сатып алуға» деген сөздер «салуға және (немесе) сатып алуға» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 31) және 32) тармақшалармен толықтырылсын:

«31) 32-1-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне әлеуметтік жұмыс орындары және жастар практикасы бағдарламасын кеңейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

32) 32-2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві сомасын бөлу.»;

3) мынадай мазмұндағы 12-1, 12-2, 12-3, 12-4-тармақтармен толықтырылсын:

«12-1. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттан өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мынадай іс-шараларды қаржыландыруға ағымдағы нысаналы трансферттерді және ағымдағы даму трансферттерін аудару үшін 111997795 мың теңге мөлшерінде сома бөлінсін:

мектептерді, ауруханаларды және басқа да әлеуметтік объектілерді күрделі және ағымдағы жөндеуге, сондай-ақ білім беру объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейтуге - 35926100 мың теңге, оның ішінде мынадай республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне - 1138500 мың теңге;

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне - 3830600 мың теңге;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне - 19410300 мың теңге;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне - 10068200 мың теңге;

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне - 1478500 мың теңге.

33-1-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мектептерді, ауруханаларды және басқа да әлеуметтік объектілерді күрделі және ағымдағы жөндеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын, сондай-ақ Алматы қаласының бюджетіне білім беру объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейтуге берілетін нысаналы даму трансферттерінің сомаларын бөлу бекітілсін.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне - облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, қалалардың және елді мекендердің көшелерін жөндеуге және ұстауға, сондай-ақ салуға және қайта жаңартуға 31075626 мың теңге;

33-2-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, қалалардың және елді мекендердің көшелерін жөндеуге және ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын, сондай-ақ облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, қалалардың және елді мекендердің көшелерін салуға және қайта жаңартуға берілетін ағымдағы даму трансферттерінің сомаларын бөлу бекітілсін.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне - кенттердегі, ауылдардағы (селолардағы), ауылдық (селолық) округтердегі әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға 4373700 мың теңге;

33-3-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге кенттердегі, ауылдардағы (селолардағы), ауылдық (селолық) округтердегі әлеуметтік жобаларға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу бекітілсін;

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне - инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жөндеуге және дамытуға және қалалар мен елді мекендерді абаттандыруға 40622369 мың теңге.

33-4, 33-5-қосымшаларға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жөндеуге және қалалар мен елді мекендерді абаттандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын, сондай-ақ облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және қалалар мен елді мекендерді абаттандыруға берілетін нысаналы даму трансферттерінің сомаларын бөлу бекітілсін.

12-2. 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттан облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кадрларды даярлауға және қайта даярлауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мынадай республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару үшін 11475184 мың теңге мөлшерінде сома бөлінсін.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне 691513 мың теңге;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне - 10783671 мың теңге.

33-6-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының кадрларды даярлауға және қайта даярлауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу бекітілсін.

12-3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, денсаулық сақтау министрліктерімен және уәкілетті орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп:

2009 жылғы 20 сәуірге дейінгі мерзімде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру үшін аударылатын ағымдағы нысаналы трансферттерді және ағымдағы даму трансферттерін пайдалану тәртібі туралы шешімнің жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру үшін бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді және ағымдағы даму трансферттерін аударуды қамтамасыз етсін.

12-4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым министрліктерімен және уәкілетті орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыруға бөлінген қаражаттың мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.»;

4) құпия;

5) көрсетілген қаулыға 1-1-қосымша алынып тасталсын;

6) көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:

«Барлығы» деген жолдағы «1963862» деген цифрлар «2563862» деген цифрлармен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 11-жолдағы «1 258 056» деген цифрлар «1858056» деген цифрлармен ауыстырылсын;

7) көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:

«Барлығы» деген жолдағы «6782228» деген цифрлар «6582228» деген цифрлармен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 1-жолдағы «330800» деген цифрлар «264130» деген цифрлармен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 4-жолдағы «558674» деген цифрлар «536454» деген цифрлармен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 12-жолдағы «328137» деген цифрлар «301551» деген цифрлармен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 15-жолдағы «550230» деген цифрлар «484777» деген цифрлармен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 16-жолдағы «1267642» деген цифрлар «1248571» деген цифрлармен ауыстырылсын;

8) көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:

реттік нөмірі 2-жолдағы «Қызылорда» деген сөз «Қостанай» деген сөзбен ауыстырылсын;

9) көрсетілген қаулыға 22-қосымшада:

«Барлығы» деген жолдағы «253704» деген цифрлар «153704» деген цифрлармен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 1-жолдағы «253704» деген цифрлар «153704» деген цифрлармен ауыстырылсын;

10) көрсетілген қаулыға 29-қосымшада:

тақырыбы «салуға» деген сөзден кейін «және (немесе) сатып алуға» деген сөздермен толықтырылсын;

11) көрсетілген қаулыға 30-қосымшада:

тақырыбындағы «дамытуға және жайластыруға» деген сөздер «дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға» деген сөздермен ауыстырылсын;

кестенің бағанында «соның ішінде:» «дамытуға және жайластыруға» деген сөздер «дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға» деген сөздермен ауыстырылсын;

12) көрсетілген қаулыға 31-қосымшада:

тақырыбындағы «салуға және сатып алуға» деген сөздер «салуға және (немесе) сатып алуға» деген сөздермен ауыстырылсын;

кестенің бағанында «соның ішінде:» «салуға және сатып алуға» деген сөздер «салуға және (немесе) сатып алуға» деген сөздермен ауыстырылсын;

13) көрсетілген қаулыға 32-қосымшада:

«Барлығы» деген жолда:

«11676179» деген цифрлар «11489461» деген цифрлармен ауыстырылсын;

«10926805» деген цифрлар «10740087» деген цифрлармен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 15-жолдағы «855 110» деген цифрлар «668 392» деген цифрлармен ауыстырылсын;

14) көрсетілген қаулыға 1, 2, 11, 26, 33-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

15) осы қаулыға 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13-қосымшаларға сәйкес 32-1, 32-2, 33-1, 33-2, 33-3, 33-4, 33-5 және 33-6-қосымшалармен толықтырылсын.

2. Орталық атқарушы органдар бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

                              

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 14 сәуірдегі

№ 515 қаулысына

1-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 18 желтоқсандағы

№ 1184 қаулысына

1-қосымша

 

2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджеттік

инвестициялық жобалардың, сондай-ақ республикалық бюджеттен

нысаналы даму трансферттері мен кредит есебінен

қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың

тізбесі