Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 68-ө Бұйрығы
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабындағы 29) тармаққа, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 101-IV Заңының 1-бабындағы 9-тармаққа сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыны есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемдерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 124-ө бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4694 тіркелген, 2007 жылғы 6 шілдедегі № 102(1305) Заң газетінде, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2007 жылғы мамыр-маусымдағы бюллетенінде жарияланған).
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.