Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығы (2015.19.06. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығы

(2015.19.06. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 22 шілдедегі № 177-НҚ бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы кодексінің (Салық кодексі)» 487-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесі бекітілсін.

2. Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада бекітілген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ауыл шаруашылығы  вице-министрі Марат Әбілахатұлы Оразаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы

министрінің м.а.

2009 жылғы 14 сәуірдегі

№ 223 бұйрығымен

бекітілген

 

Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу

 әдістемесі

 

1. Осы әдістеме Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы кодексінің (Салық кодексі)» 487-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және жер үсті су ресурстарының су көздерін пайдалануда төлем мөлшерін есептеу кезінде (бұдан әрі - төлем мөлшері) қолданылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.