«Арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өздері өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 703 Қаулысы (2017.06.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өздері өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 703 Қаулысы

(2017.06.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 802 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2013.23.09. № 993 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 150-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса беріліп отырған Арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өздері өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесі бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 279 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 14, 124-құжат).

2) «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өздері өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 мамырдағы № 415 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 18, 170-құжат).

3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

ҚР Үкіметінің 2014.15.07. № 792 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.27.02. № 100 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 13 мамырдағы

№ 703 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы

экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін қызмет

түрлері бойынша өзі өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің)

 тізбесі